ҚАЖД Сәрсемалиевтің неге жалғыз кісілік камераға ауыстырылғанына жауап бермеді

31.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұған дейін «Ақ Жайық» редакцияға түскен ақпарат бойынша, Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасы мүшелерін өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің  өзіне өзі қол жұмсау қауіпі туралы ақпарат пайда болғаннан кейін жалғыз кісілік камераға ауыстырылғаны туралы хабарлаған болатын.

Бұл ақпаратты тексеру үшін редакция Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне (ҚАЖД) ауыстыру дерегін растау немесе теріске шығару, сондай-ақ оның себебін түсіндіруді сұрап ресми сауал жолдады.

Дегенмен, алынған жауапта ҚАЖД қойылған сұрақтарға жауап бермеді. 

Ведомство тек мынадай хабарламамен шектелді:

«...Осыған орай С. Сәрсемалиевтің Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес Атырау облысы бойынша ҚАЖД №75 мекемесінде қамауда отырғанын хабарлаймыз».

Осылайша, ҚАЖД Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғыша №75 мекемеде екенін ғана растады. Редакцияның оның жалғыз кісілік камерада ұсталуы және бұған ықтимал суицид жасау әрекеті немесе суицидтік қауіп-қатерлер туралы ақпараттың қатысы бар-жоғы туралы сұрағына ведомство жауап берген жоқ.

Айгүл МАНСҰРОВА

Бүгін, 12:21

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью