Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Каспий құбыр консорциумы (КҚК) төңірегіндегі жағдайдың теңге бағамына ықтимал әсеріне қатысты пікір білдіріп, реттеушінің валюта нарығын тұрақтандыру үшін қажетті құралдары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен брифинг кезінде Ұлттық банк басшысына КҚК төңірегіндегі жағдай ұзаққа созылса, теңгеге не болуы мүмкін екені және мұндай жағдайда валюталық интервенциялар жасалу ықтималдығы туралы сұрақ қойылды.
Сүлейменовтің айтуынша, жағдай Энергетика министрлігі мен Үкіметтің бақылауында.
"Жақын арада қазақстандық мұнайды үздіксіз тасымалдауға, оны экспорттауға және валюталық түсімнің түсуіне қатысты мәселелер шешіледі деп сенеміз", - деп жауап берді Тимур Сүлейменов.
Ол әзірге реттеуші валюта нарығында қандай да бір іргелі өзгеріс күтпейтінін атап өтті.
"КҚК Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай құбыры, сондықтан экспорттық валюта түсімінің көлемі көбіне оның жұмысына байланысты. Сонымен қатар біз бағамның күрт құбылуын болжап отырған жоқпыз", - деді Сүлейменов.
Бұл ретте ол нарықтық емес ауытқулар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық банкі араласуға дайын екенін баса айтты.
"Күрт нарықтық емес ауытқулар болған жағдайда Ұлттық банктің қажетті құралдар жиынтығы бар. Бұл жерде, атап айтқанда, алтын-валюта резервтері мен айналық операциялар туралы сөз болып отыр. Қажет болса, біз бағамды тұрақтандыруға қауқарлымыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар ол Үкіметтің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сату туралы күшіне енген қаулысына қатысты түсініктеме берді.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
ІІМ егде жастағы жүргізушілер үшін маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін 09:22 1
Бүгін 10:06 1
Мән-жайы"Нарық бұл шешімді ескеріп үлгерді және көріп отырғаныңыздай, теңге жалпы алғанда тұрақтылықты сақтап тұр", - деп толықтырды Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, 23 шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тиеу уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Ведомство бұл шектеу консорциумның теңіз терминалына жасалған дрон шабуылдарынан кейінгі қауіпсіздік шараларына байланысты екенін түсіндірді.
Мұнай қабылдау көлемінің азаюына байланысты өндіруші компаниялар өндірісті төмендетуге мәжбүр болды. Сонымен бірге Энергетика министрлігі КҚК-мен бірлесіп экспорттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын тезірек қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанына сендірді.
Бұған дейін 20 шілдеге қараған түні КҚК теңіз терминалында тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан NELSA танкеріне дрон шабуыл жасағаны хабарланған болатын. ASIA және NISSOS IOS танкерлері де шабуылға ұшыраған еді. Алғашқы оқиғалардан кейін мұнай тиеу уақытша тоқтатылып, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылдарды елдің экономикалық мүдделеріне қол сұғушылық деп атаған болатын.
Анықтама: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) - қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі. Осы құбыр арқылы Қазақстан мұнайы Ресейге жеткізіліп, әрі қарай Қара теңіздегі Новороссийск маңындағы КҚК теңіз терминалы арқылы экспортқа шығарылады. Бұл терминал арқылы қазақстандық мұнай экспортының шамамен 80 пайызы өтеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу