24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Созылмалы және сирек кездесетін дертке шалдыққан адамдарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуда қиындықтар бар.
Бұған өнімді жеткізудегі кедергілер мен баға өсімі себеп болып отыр. Осылай деген сенатор Айнұр Арғынбекова өзінің депутаттық сауалын алға тартты. Ол әлемдегі экономикалық және геосаяси тұрақсыздық жағдайларына қарамастан, әрбір азамат қажетті препараттаға кедергісіз қол жеткізуі керектігін айтты. Сондықтан дәрі-дәрмекпен қамтуды мемлекеттің стратегиялық жоспарлау жүйесіне қосуды ұсынды. Сондай-ақ дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің рөлін күшейтуді сұрады.
Айнұр Арғынбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жеткізулердің кешігуі немесе жекелеген препараттардың болмауы салдарынан медициналық ұйымдар мен дәрігерлер жедел бейімделу режимінде жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселен, созылмалы ауруы бар науқас жоспарлы қабылдауға келеді. Оған ем-дом шарасы тағайындалады, алайды қажетті препарат жоқ. Мұндай кезде дәрігерлерге медициналық емес, ұйымдастырушылық себептермен емдеу схемасын өзгертуге тура келеді. Нәтижесінде жұмыс жүйесі әлсірейді. Сондықтан өмірлік маңызы бар дәрілердің ең аз қорын қалыптастыру қажет.