Қажымұқан Мұнайтпасовтың 155 жылдығы: Алматыда халықаралық турнирге 700 ден астам балуан қатысады

06.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

8-10 мамыр аралығында Алматыда қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына арналған күрестен халықаралық турнир өтеді. Оған 10 мемлекеттен келген 700-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында жалауы желбірейтін жарыста Қазақстаннан барлық өңірінен келген балуандардан бөлек, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Италия, Қытай, Грузия, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстанның апайтөстері де күш сынасады.

Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті Данияр Охапов осы күнге дейін «Ардагер Алаңы» атауымен өткен жарыста тек ардагерлер бақ сынап келгенімен, биыл оның бағдарламасы айтарлықтай кеңейтілгенін және де 35 пен 70 жас аралығындағы алты ардагерлік дивизионнан бөлек, 18-34 жас аралығындағы спортшылар да белдесетінін тілге тиек етті.

«Түрлі себептермен үлкен спортта өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмаған жандарға осы жолы жол ашуды жөн көрдік. Яғни, Қазақстан чемпионаттарында іріктеуден өтпеген, кеш бастаған немесе мансабын ерте аяқтағанымен, күреске деген құлшынысын жоғалтпаған спортшылар үшін «Ардагер Алаңы»  – өзін көрсету алаңы. Осы орайда турнирдің идеялық жетекшісі әрі меценат Ерлан Малаевқа күрес өнерін дамытуға және ардагерлер қозғалысын жандандыруға қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіремін. Осы азаматтың жанашырлығы мен кәсіби біліктілігі олимпиадалық күрес түрлерін өркендетуге зор ықпалын тигізіп жатыр», дейді Данияр Охапов.

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Жарыс аясында тарихи мұраға да ерекше көңіл бөлінеді. Көрермендер үшін Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен жетістіктеріне арналған арнайы көрме ұйымдастырылады. Онда «Күш атасының» ХХ ғасыр басындағы ірі халықаралық жарыстарда жеңіп алған ордендері мен медальдары және басқа да құнды жәдігерлері ұсынылады. Экспонаттардың бір бөлігі Түркістан облысындағы балуанның туған жерінен әкелінеді. 2001 жылы ашылған бұл музей қорындағы тұрмыстық бұйымдар, белбеулер мен марапаттар келушілердің назарына ұсынылады.

«Қажымұқанның 155 жылдық мерейтойы – бұл турнирді өткізудің басты себептерінің бірі. «Ардагер Алаңы» жарысы әр буын балуандарын біріктіріп, қазақ спортындағы ұлы тұлғаның мұрасын тағы бір мәрте дәріптеуге мүмкіндік береді», деп түйіндеді өз сөзін Алматы қаласы күрес федерациясының вице-президенті.

Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан ұрпақтары жастармен жүздесті

Соңғы жаңалықтар

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды

Мереке • Бүгін, 18:46

Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті

Бизнес • Бүгін, 18:24

Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматы • Бүгін, 18:05

Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды

Қазақстан • Бүгін, 18:03

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Заң • Бүгін, 17:50

Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді

Алматы • Бүгін, 17:46

Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды

Жемқорлық • Бүгін, 17:45

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Президент • Бүгін, 17:43

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді

Үкімет • Бүгін, 17:29

«Байрағы биік байтағым»: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді

Оқиға • Бүгін, 16:45

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды

Оқиға • Бүгін, 16:36

«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?

Футбол • Бүгін, 16:32

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 15:58

Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты

Қоғам • Бүгін, 15:54

Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

Оқиға • Бүгін, 15:25

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью