Қазір елімізде неше зейнеткер бар

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған соманың 131,3 млрд теңгесі – базалық зейнетақыға, ал 263,9 млрд теңгесі – ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.

Осы күнге жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері – 103 931 теңге, ал базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Министрлік еске салғандай, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген кезең, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген уақыт зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне енгізіледі.

- Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, не мүлде болмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғаяды. Мәселен, еңбек өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 90 пайызын құрайды. Ал еңбек өтілі 34 жыл және одан көп болған жағдайда төлем күнкөріс деңгейінің 118 пайызына дейін жетеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай ретінде есептеледі, - делінген ақпаратта.

Министрлік түсіндіргендей, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты әрі толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткен кезде базалық зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтіліне (кемінде 6 ай болуы тиіс) және зейнетке шыққанға дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа байланысты айқындалады.

Айта кетейік, бұған дейін жасына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін қашан рәсімдеу қажет екені хабарланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью