Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қызылорда облысы
26 қаңтар сағат 22:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1644-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жосалы ауданынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы
26 қаңтар сағат 22:30–да ауа райының бұзылуына байланысты дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.
— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан — Октябрьское ауылы);
— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (айналма жолы) — РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 555-682 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан — Сарыкөл ауылына дейін);
— «Мамлютка — Қостанай» автожолының 250 — 403 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан — Ұзынкөл ауылы); Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған.
26 каңтар сағат 23:00–де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы) дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған.
Ақмола облысы
26 қаңтар сағат 22:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856 — 917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);
— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232 — 260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
— «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы — Бұзылық ауылы). Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы
26 каңтар сағат 22:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 834-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Чистополье ауылы);
— «Жезқазған-Петропавл» автожолының 595-625 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Дружба ауылы). Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілетіндіктен жол жабылатынын жазғанбыз.