Қазір қай жерде демалу қауіпсіз Қазақстан СІМ ұсыныстар берді

16.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінде демалыс үшін ең қауіпсіз елдер қайсы? Сенат кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовке осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бүгінде демалыс үшін ең қауіпсіз елдер қайсы? Сенат кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовке осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Исетовтің айтуынша, қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін (яғни Тайланд, Вьетнам және Камбоджа - ред. ескертпесі) қазақстандық туристер үшін қолайлы деп санауға болады.

"Бұл сұраққа жауап беру қазір өте қиын, өйткені түрлі елдерден азаматтар мен туристерге қатысты келеңсіз жағдайлар туралы ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан бұл сауалға нақты жауап бере алмаймын. Десе де, қазіргі уақытта, мәселен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің туристер үшін қолайлырақ болуы мүмкін деп ойлаймын", - деді вице-министр.

Сонымен қатар Арман Исетов Таяу Шығыс елдері әлі де қақтығыс аймағы болып қалып отырғанын, сондықтан Сыртқы істер министрлігі ұрыс қимылдары жалғасып жатқан және жағдай тұрақсыз елдерге бармауға кеңес беретінін айтты.

Бұған дейін Қазақстан СІМ азаматтарға белсенді ұрыс қимылдары тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін Таяу Шығыстың бірқатар еліне барудан бас тартуды ресми түрде ұсынған болатын. 10 наурызда жарияланған тізімге Бахрейн, Мысыр, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия және Йемен енген.

Кейінірек, 27 наурызда СІМ баруға кеңес берілмейтін елдер тізімінен Мысырдың алынып тасталғанын хабарлады. Ведомство бұл шешімді қазіргі ахуалмен және азаматтық инфрақұрылымның, соның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайымен түсіндірді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью