Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды Тоқаев: 04 маусым 13:20 жаңалықтар

04.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

4 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

4 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды. Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік. Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде. Түбегейлі өзгерістер, әсіресе, қоғамдық санаға зор сілкініс әкелді. Ішкі саясаттың мазмұны жаңарды, бағыт-бағдары айқындала түсті", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттері орныға бастағанын айтты.

"Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда. Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз", - деді Президент.

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Тоқаев кімді шын патриот санайтынын түсіндірді

Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті - Тоқаев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью