Қазір сатып алуға болатын ең қауіпсіз 5 электромобиль

21.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Bgr.com сайты жариялаған рейтингке сүйенген Aikyn.kz қауіпсіз электромобильдердің сипаттарымен таныстырады.

Электромобиль таңдағанда көпшілік алдымен жүріс қорына, қуаттау уақытына және бағасына қарайды. Бірақ сарапшылардың айтуынша, ең маңызды өлшемдердің бірі – қауіпсіздік болуы тиіс. Әсіресе отбасыға арналған көлік алғанда, апат кезіндегі қорғаныс деңгейі шешуші рөл атқарады.

Сондықтан мамандар қауіпсіздік бойынша таңдауды сыртқы дизайнға не жарнамалық сипаттамаға емес, краш-тест нәтижелеріне сүйеніп жасауды ұсынады. Бұл рейтинг АҚШ-тың NHTSA (Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы) мен IIHS (Жол қауіпсіздігін сақтандыру институты) сияқты беделді ұйымдардың деректері негізінде жасалынған. 

Тізімге енген ең қауіпсіз бес электромобильдің бірі – Tesla Model Y (2026). Бұл модель NHTSA бойынша жалпы қауіпсіздік рейтингінде 5 жұлдыз алды. Сонымен қатар бүйірлік соққы, алдыңғы соқтығыс және аударылу сынақтарында да жоғары нәтижеге қол жеткізген. Оның бағасы комплектациясына қарай 40 000–57 940 доллар аралығында.

Отбасылық сегментте Hyundai Ioniq 9 (2026) ерекше аталады. Үш қатарлы, жеті орындық бұл электрлі SUV IIHS-тің ең жоғары Top Safety Pick+ рейтингіне ие болды. Сарапшылар бұл модельдің жаяу жүргінші мен велосипедшіні анықтайтын автоматты тежеу, соқыр аймақты бақылау және жолақта сенімді ұстау жүйелері сияқты функцияларын маңызды артықшылық деп санайды.

Ford Mustang Mach-E (2026) де екі ірі агенттіктің жоғары бағасын алған. NHTSA-дан 5/5, IIHS-тен Top Safety Pick+. Бұл модельдің жүріс қоры 515 км дейін, ал бағасы 37 795 доллардан басталады. Осылайша ол қауіпсіздік пен салыстырмалы қолжетімділікті үйлестіретін нұсқа ретінде көрінеді.

Қауіпсіздік дегенде көпшіліктің есіне бірден Volvo түседі. Бұл жолы да Volvo EX90 (2026) IIHS-тің ең жоғары рейтингіне ие болып, үлкен электрлі SUV санатында үздіктердің бірі атанды. Ал седан ұнайтындар үшін Audi A6 e-tron (2025) назар аударуға тұрарлық. Ол да IIHS тарапынан Top Safety Pick+ алған.

Бұл – нақты орындармен берілген рейтинг емес, яғни «бірінші, екінші» орын деп бөлінбейді. Тізім – қазіргі нарықтағы қауіпсіздігі жоғары модельдердің іріктемесі. Электромобиль таңдауда жүріс қоры мен бағамен қатар, тәуелсіз қауіпсіздік сынақтарының нәтижесін міндетті түрде ескеріңіз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью