Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың той үстінде түсірілген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кадрларда ол жастарға тілек айту үшін ортаға шыққанымен, бір сәтке тосылып қалғаны байқалады. Осы сәтті әзілге айналдырған Қабатов: "Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін" деп қалжыңдаған.
Бұған дейін әзілкештің бұрынғы жары, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова оның заңды түрде ажырасқанын ресми түрде растады. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтқан еді.