Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
– Қазір қару-жарақ өндірісі мен саудасы аса қарқынды дамып жатыр. Әлемнің қару-жарақ нарығындағы 100 компанияның тізіміне көптеген жаңа ойыншы қосылды. Мысалы, Түркияның 4-5 компаниясы енді. Одан бөлек, Оңтүстік Корея, Пәкістан т.б. елдерді атауға болады. Қару-жарақ нарығы үлкен нарыққа айналды, – деді ол.
Сондай-ақ, Амангелді Құрметұлының сөзінше, жаһандағы қақтығыстар дипломатияның қадірін кетіріп, түрлі аймақтағы бейберекетсіздікке себеп болып отыр.
– Мұндай ошақтар бұрын бізден алыс сияқты көрінетін. Қазір іргеге келіп қалды. Украина жағынан да, Иран жағынан да қарасақ, тым таяу. Бұрын Орта Азияға қауіп ретінде тек Ауғанстан бағытын ғана қарастыратын едік. Өзге аймақтар тыныш болатын, – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдай етек-жеңді әрқашан жинап отыруға және қырағы болуға мәжбүр етеді.
– Әлемдегі геосаяси ахуалға қарасақ, қоғамның ынтымақ-бірлігі мен ішкі тұрақтылықты нығайта беру керек. Ол отбасы, ошақ қасындағы кейбір ұсақ-түйек мәселеге «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген ұстаныммен көз жұма қарауға мәжбүрлейді. Өйткені, әрдайым, әсіресе, геосаяси шиеленістер асқынған кезде елдің мүддесі бірінші орында тұруы керек, – дейді Амангелді Құрметұлы.
Сонымен бірге, ол қазақ дипломатиясын үздік деп бағалайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Си Цзиньпиннен Иранға қару сатпауын өтінгенін жазғанбыз.