QAZMEDFEST 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фестиваль жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталды.

— Фестиваль еліміздің алты қаласын қамтыды: Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Қарағанды. Барлығы 13 әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 мыңнан астам қазақстандық жас қатысты. Атап айтқанда, Алматыда Дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттауға арналған марафон өтті, Шымкентте донорлық акция аясында 50 студент қан тапсырды, ал Семейде волонтерлер облыстық хосписке барып, медициналық және қайырымдылық көмек көрсетті, — делінген хабарламада.

Фото: Мәдениет министрлігі

Сонымен қатар фестиваль аясында мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Қатысушылар медициналық мамандықтармен және бейінді жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерімен танысты.

QAZMEDFEST — 2026 жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және волонтерлік қозғалысты дамытуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

Фестивальдің қорытындысы ретінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыұлттық сенбілік өткізу жоспарланған. Ол еліміздің барлық өңірінде өтеді.

Осыған дейін қан донорларына ақшалай өтемақы көлемі ұлғайтыла ма деген сауалға жауап алған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью