ҚазМұнайГаз Қаламқас теңіз бен Хазар кен орындарын игеруге жаңа серіктес қарастырады

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Лукойлда санкцияда. Біз санкцияны ескере отырып, жобадан шығу нұсқаларын қарастырамыз. Санкция болғандықтан ары қарай қалай жұмыс істейсің... Сондықтан да санкциялар шарттарды қаперге алып, жобаны ары қарай қалай дамыту жолдарын іздеудеміз. Кен орнының тезірек іске қосылғанына мүдделіміз. Себебі технологиялық, экономикалық шешімдерден бөлек әлеуметтік те үлкен маңызы бар, - деді ол агенттік тілшісінің сауалына орай.

Оның айтуынша, қазақстандық верфьте платформа салу Маңғыстау облысына қосымша 2 мыңға дейін жұмысшы күшін тартуға мүмкіндік береді.

- Сол себепті жобаны жылдам дамытуға барынша қызығушылық танытамыз. Бірақ серіктесіміз санкцияға іліккеннен кейін біз осыны ескере отырып, жобаны ары қарай жалғастырамыз. Мұның өзге серіктестермен бірге жүзеге асырылуы мүмкін екені түсінікті. Әлі келіссөз жүргізе қойғанымыз жоқ, бірақ қарастырамыз. Сондықтан алдын ала ештеңе айта алмаймын, - деді Құрманғазы Есқазиев.

Бұған дейін Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов санкцияға іліккен«Лукойлдың» Қазақстандағы жобалары туралы пікір білдірген еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью