Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматыда шөп үстінде демалып жатқан коммуналдық қызмет қызметкерлері түсірілген видео бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Ролик авторы оларды жұмыс істемейді деп айыптағанымен, желі қолданушылары жұмысшылардың жағына шықты. Tengrinews.kz бұл оқиғаның немен аяқталғанын анықтады.
"Жатыр, демалып": не болды?
Әлеуметтік желілерде Алматыда түсірілген видео тарады. Кадрлар қала аллеяларының бірінде түсірілген. Видео авторы шөп үстінде жатқан коммуналдық қызмет қызметкерлерін көрсеткен.
Әйел жұмысшылар өз міндеттерін атқармай жатыр деп наразылық білдірген.
"Бұл адамдар болмаса, қаланың күні не болар еді": қазақстандықтар жұмысшыларға араша түсті"Жатыр, демалып. Қоқыс жәшігі тазаланбаған. Мүлдем. Есесіне ұйықтап жатырмыз! Ештеңе түсінбейміз. Мұны интернетке саламын, білетін болыңыздар", – дейді видео авторы.
Алайда әлеуметтік желідегі көптеген қолданушы видео авторының пікірімен келіспеді. Пікір жазушылар коммуналдық қызметкерлердің ауыр физикалық жұмыс атқаратынын және үзіліс кезінде демалуға құқылы екенін айтып өтті.
"Демалуға болмай ма не? Қаншама еңбек пен күш жұмсалады. Айналаны тазартып, әдемі етіп жүрген осы жандарға рақмет". "Видео авторын жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға шығару керек". "Ал оларға демалуға болмай ма, әлде олар робот па?" "Бұл әйелдің өзін таңертеңнен солармен бірге тазалыққа жіберу керек, сонда түсінетін шығар". "Бұл адамдар болмаса, қаланың күні не болар еді? Олардың еңбегін бағалау керек. Керісінше, жалақыларын өсіру қажет. Қыстың қары мен жаздың аптабында қаламызды тазалап, абаттандыруға зор үлес қосатын – осы жандар. Оларға құрметпен қарап, еңбектерін бағалайық". "Түскі үзілісте болған": әкімдік не дейді?Ролик 22 тамызда сағат 13:10 шамасында Майлин көшесінің бойындағы аллеяда түсірілгені белгілі болды. Алматы әкімдігі Tengrinews.kz-ке сол сәтте "Алматы тазалық" қызметкерлері жұмыс істемегенін, себебі оларда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін ресми түскі үзіліс болғанын хабарлады.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Полиция 1 қыркүйек қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасады
Бүгін 10:38 1
Қызметкерлер полицияға жүгінді"Өндірістік персонал тәулік бойы үш ауысыммен жұмыс істейді. Барлық ауысым үшін екі сағаттық екі үзіліс қарастырылған: күндізгі – 12:00-ден 14:00-ге дейін және түнгі – 00:00-ден 2:00-ге дейін", – деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Келесі күні, 23 тамызда, кәсіпорын қызметкерлері видео авторының үстінен полицияға арыз жазды. Полицейлер әйелдің кім екенін анықтаған.
"Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
Анықтама: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.
Ит үшін тағы бір айыппұлТексеру барысында полицейлер видео авторының итін тұмылдырық кигізбей серуендеткенін де анықтады. Бұл үшін әйел ӘҚБтК-нің 407-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп нақтылады әкімдіктегілер.
Осылайша, әйелге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.
Итін тұмылдырықсыз серуендеткені үшін оған 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл салынды. Ал ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық дерегіне қатысты материалдар әзірге Алматының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды – бұл эпизод бойынша соңғы шешім әлі шыққан жоқ.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу