Қазпоштаның шығыны миллиардқа жетті

25.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қазпошта» 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын 1,1 миллиард теңге шығынмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 529,8 миллион теңге шығыннан екі есе көп.

Компанияның жиынтық кірісі де айтарлықтай төмендеп, 2025 жылғы 6 млрд теңгеден 1,3 миллиард теңгеге дейін қысқарған. Ал жалпы шығыны 2,8 миллиард теңгені құрады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысында «Қазпошта» 223,3 миллион теңге таза пайда тапқан еді. Сол жылы компанияның жалпы түсімі 67,6 миллиард теңгеге жетіп, оның негізгі бөлігі пошта және қаржылық қызметтерден түскен.

«Қазпоштаның» 100% акциясы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі. Компания пошта және қаржылық қызметтермен қатар, банк агенті ретінде несие беру және өтеу операцияларын жүзеге асырады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью