ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы сот залында қамауға алынды

15.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамақ тәртібін бұзғаны үшін оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, деп хабарлады Алмалы аудандық соты.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Қасеновқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын күзетпен ұстауға өзгерту туралы өтінішхат берді.

"Соттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен оған әлеуметтік желілер мен интернет желісін пайдалануға, кез келген хат-хабарды алуға және жіберуге, сондай-ақ интернет, ұялы байланыс және қалалық телефонды қоса алғанда, кез келген байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесуге және хат алмасуға тыйым салынған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғаны көрсетілді", - делінген хабарламада.

Соған қарамастан Қасенов 2026 жылғы 2 маусымда бұқаралық ақпарат құралының парақшасында қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты жеке бейнеүндеу жариялап, үйқамақ талаптарын бұзған. Сондай-ақ 2026 жылғы 15 маусымда интернет-ресурстарда қылмыстық іс бойынша медиация мәселесіне қатысты тағы бір жеке бейнеүндеу жариялаған, деп жазды сот.
Келесі сот отырысы 22 маусым сағат 10:00-ге тағайындалды.

Айта кетері, ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "Фридом Финанс" мәлімдемесі бойынша тергеліп жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің 274-бабы ("көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша айып тағылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью