ҚазҰУ да жаңа Құрылтайдың саяси құқықтық рөлі сарапталды

25.08.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сайлаудан –  шешімдерге: жаңа Құрылтайдың қоғамдық сұранысты жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараны ашқан университет басшысының кеңесшісі Еркін Дүйсенов ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың құттықтауын жеткізіп, осындай кезеңде мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты арттырудың өзекті екенін жеткізді.

Ол өз сөзінде ЖОО басшысы елде жүргізіліп жатқан саяси-құқықтық реформалар жағдайында азаматтардың мүдделерін білдіріп, халықпен тұрақты кері байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталғанын атап өтті. 

Жиын барысында сарапшылар Құрылтай қызметінің конституциялық-құқықтық мәртебесін, өкілді орган ретінде қалыптасу ерекшелігін және мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету тетігін жан-жақты талқылады.

Сонымен бірге азаматтық белсенділікті дамыту, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау мен мемлекеттік институттар және халық арасындағы өзара іс-қимылды арттыру жолына басымдық берілді. 

Дөңгелек үстел қорытындысында өкілді органның қызметін одан әрі дамыту, қоғамдық қатысу тетігін жетілдіру және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар қамтылған арнайы қарар қабылданды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью