ҚазҰУ студенттері эвакуацияланды: полиция не дейді

28.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары эвакуацияланды. Әлеуметтік желілерде бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады. Жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

28 қазанда әлеуметтік желілерде ҚазҰУ студенттері эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады.

Threads қолданушыларының бірі жарылыс қаупіне байланысты студенттердің университет ғимаратынан шығуына тура келгенін жазды.

"ҚазҰУ-ға кім бомба қойып жүрген? Далада тоңып қалдық", – делінген жарияланымда.

"Сөмке табылды": полиция не дейді?

Алматы полиция департаменті жоғары оқу орнында қараусыз қалған сөмке табылғанын хабарлады.

Оқиға орнына бірден шұғыл қызметтер жетті. Қауіпсіздік мақсатында студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды.

"Тексеру барысында сөмке студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бары анықталды. Табылған зат ешқандай қауіп төндірмегені белгілі болды", – деп хабарлады Алматы ПД.

Полиция азаматтарға қырағылық танытқаны үшін алғыс айтып, күдікті зат табылған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салды. Мұндай заттарды өз бетінше ұстауға немесе қозғалтуға болмайды.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Алматының үш университетіне жарылыс қаупі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орындарына шұғыл қызметтер барып, ғимараттар мен іргелес аумақтарды тексерді. Полиция миналау туралы ақпарат расталмағанын хабарлады. Мамандар қауіпті заттарды таппады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью