Қазына қаржысы ұқыпты жұмсалуға тиіс

22.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Халықтың әлеуметтік хал-ахуалын арттыру бағытындағы ұсыныстары қоғамның зор қолдауына ие болды. Соның бірі – банк саласының қызметін реттеу.

Сурет: baq.kz

Мерзімі өткен несиелері бар азаматтардың банктік шоттарын бұғаттау тәжірибесін қайта қарауды ұсындым. Өйткені бұл адамның жұмыс істеуіне, әртүрлі төлем жасауына кедер­гі келтіреді. Бір сөзбен айт­қан­да, адам құқы­­ғын шектеумен бірдей. Мұны толығымен тоқтату немесе жартылай ғана бұғаттап, қаражаттың қалған бөлігін адам өзі пайдалана алатындай мүмкіндік жасалуы керек. Халықтың талап-тілегінен туған ұсынысыма сәйкес банк қызметіне қатысты шешім қабыл­дан­ды. Қатаң шаралар жүзе­ге асырылатын болды. Онлайн несие бе­ріл­мейтін болды. Не­сие алғы­сы келген адам банкке өзі ба­рып, тіркелуі керек.

Жиі сынға ілігетін білім мен медицина саласы бойынша да кейбір түйткілдің түйіні осы жиында тарқатылғандай. Мен бұған дейін құр қаңқасы ғана бар, бірақ құрал-жабдығы жоқ жеке мектептердегі білім сапасы туралы айтқан едім. Мұндай білім ордалары адамды жұмысқа қабылдарда көбіне еңбек шартын жасамайды. Уақытша алады, онда да айлық жалақысын дұрыс төлемейді, зейнетақы жарнасын аудармайды. Президент Құрылтайда ке­йінгі кезде өзіне жеке­меншік мектептерді қар­жы­­лан­дыру тетігіне қатысты аза­мат­­тардан келіп түсетін сауал­дар жиілеп кеткенін айтты. Білім беру саласында мемле­кет­­тік қаржыландырудың қол­да­­ныстағы тәртібі бұрма­ла­нып отыр­­ғанын атап өтіп, оны шұ­­ғыл түрде түзету қажеттігін мә­лім­­деді. Осыған байланысты Үкіметке білім беру саласын мем­лекеттік қаржыландыру меха­низ­мін жедел реформалауды мін­деттеді. Жиі сынға ілігетін ме­ди­циналық сақтандыру жүйе­сі­нің ашықтығы туралы мәселе де көте­рілді. Мемлекет басшысы Әлеуметтік меди­циналық сақ­тан­дыру (МӘМС) қорындағы кешенді тек­серіс нәтижесінде көп­теген заңбұзушылық дерек­те­рі анықтал­ғанын жеткізді. Үкі­мет­­­тің аталған сақтандыру қо­рын Қаржы министрлігінің қарауы­на беру тура­лы шеші­мін құптады.

Мұрат ӘБЕНОВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью