Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алғашқы минуттан қазақстандық команданың белсенділігі байқалды. Қазірге дейін қатарынан алты мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан елордалық клуб бұл жолы сол сәтсіздікке нүкте қоюға күш салды. Омбылық клуб та осал қарсылас емес-ті. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан еді.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformСоған қарамастан қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетіп, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformОйынның 4-минутында Райли Уолш есеп ашса, 5-минутта Мэйсон Морелли көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformОдан кейін «Авангард» сапынан Николай Прохоркин 13, Дамир Шарипзянов 34-минутта екі гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ал үшінші кезеңде елордалық команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Майк Веккионе 41, Әділ Бекетаев 43, Всеволод Логвин 51, Дінмұхамед Қайыржан 57-минутта мергендік танытты.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformОсылайша «Барыс» қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.
Елордалық клуб енді алдағы ойынын елордада 24 қазанда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізеді.