Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталады.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 53 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Адмирал» 48 ұпаймен 20-орында келеді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
Елордалық клуб сапында Аңсар Шайхмедденов жарақат алған ойыншылар тізімінде тұр.
Сондай-ақ медициналық себепке байланысты Эмиль Галимов бұл сапарға қатыспайды.
Енді қазақстандық команда 20 наурызда сырт айдында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Адмирал» командасына есе жіберді.