Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кездесу Қазақстан уақытымен 14:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кейінгі бес кездесудің екеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде «Барыс» 51 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Адмирал» 46 ұпаймен 20-орында келеді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
Елордалық клуб сапында Аңсар Шайхмедденов жарақат алған ойыншылар тізімінде тұр. Сондай-ақ медициналық себепке байланысты Эмиль Галимов бұл сапарға қатыспайды.
«Барыс» клубы бұдан кейін бір ойынын сырт айдында өткізіп, 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубымен тағы бір мәрте шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.