Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бірінші кезеңде елордалық команда бір шайба соғып кетті. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб екі шайба енгізсе, оған ресейлік хоккейшілер бір голмен жауап берді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform«Барыс» (Астана) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
1:0 — Томпсон (Морелли) — 13:00
2:0 — Веккьоне (Уолш, Морелли) — 53:24
2:1 — Соркин (Полтапов, Карнаухов) — 56:37
3:1 — Веккьоне (Шил) — 59:23
Қақпашылар: Шил — Самонов
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformҚазірге дейін командалар 33 мәрте шеберлік байқасты. Оның 9-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformКейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 20 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольяттиу) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 қаңтарда ЦСКА, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды.