Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Кездесу барысында бірінші кезеңде қазақстандық команда бір гол соқса, екінші кезеңде оған ресейлік клуб бір голмен жауап қайырды. Шешуші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түскен қарсыластар овертмаймда да есепті өзгерте алмады. Буллиттен «Сибирь» жеңіске жетті.
«Сибирь» (Новосібір, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)
0:1 - Уолш (Веккьоне, Морелли) - 03:17
1:1 - Кошелев (Косолапов, Абрамов) - 23:32
2:1 - Абрамов - 65:00 Б
Қақпашылар: Бердин - Шутов.
Осылайша «Барыс» биылғы маусымда жеңіліспен аяқтады.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Адмиралға» есе жіберді.