ҚХЛ: Барыс овертаймда Автомобилистке есе жіберді

12.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өрбітті. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде олар қақпаға бір-бір шайба енгізді. Шешуші кезеңде гол соғылған жоқ. Негізгі кезеңде 1:1 еесбі тіркелді. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік команда жеңіс шайбасын соғып кетті. 

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, қатарынан төртінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

«Автомобилист» (Екатеринбург) - «Барыс » (Астана) 2:1 (0:0, 1:1, 0:0)
1:0 - Да Коста (Голышев, Буше) - 30:01
1:1 - Томпсон (Масси, Веккьоне) - 36:46
2:1 - Бусыгин (Да Коста, Горбунов) - 62:30
Қақпашылар: Аликин - Бояркин

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 қаңтарда Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, 17 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью