ҚХЛ: Барыс қатарынан төртінші мәрте жеңілді

04.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кездесу барысында ресейлік командадан Никита Хоружев 23-минутта есеп ашса, Андрей Белозёров 25-минутта басымдықты арттырды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ал «Барыс» сапынан Кирилл Панюков 26-минутта есеп айырмасын қысқартса, Андрей Белозёров 27-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ойынның 33-минутта елордалық клубтан Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытса, одан кейін «Нефтехимик» Иван Николишин 47-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кездесу нүктесін 51-минутта хет-триктің авторы атанған Андрей Белозёров қойды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл елордалық клубтың қатарынан төртінші жеңіліс.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 5 қарашада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен ойнаса, 7 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубтарымен шеберлік байқасады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью