ҚХЛ: Барыс қатарынан төртінші мәрте жеңілді

28.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Бірінші кезеңде олар бір гол соғып кетті. Екінші кеезңде олар тағы екі шайба енгізсе, оған қазақстандық клуб бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде де дәл осындай нәтиже қайталанды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл – олардың қатарынан төртінші жеңілісі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 2:5 (0:1, 1:2, 1:2)

0:1 - Завгородний (Основин) – 04:50

1:1 - Томпсон (Уиллман, Бреус) – 24:26

1:2 - Тимашов (Тертышный) – 29:38

1:3 - Олсон (Завгородний) – 33:25 

1:4 - Старков – 47:43

1:5 - Основин (Завгородний, Шулак) – 50:32

2:5 - Масси (Савицкий, Өмірбеков) – 51:51

Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынды сақтап қалса, «Адмирал» 36 ұпаймен 21-орынға көтерілді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 31 қаңтар және 2 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командасымен кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.

Бұған дейін «Барыс» хоккей командасы бүгін елордада «Адмирал» командасымен кездесетінін жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью