Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
ҚХП төрағасы сапалы білім беру партия бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
«Бүгін сіздердің алдарыңызда осы құндылық үшін күресуге дайын адамдар тұр. Біз олардың мүмкіндігі кеңейгенін, өз ұстанымдарын бұрынғыдан да тиімді қорғауға мүмкіндік беретін саяси тұғыр мен мінберге ие болғанын қалаймыз», деді Нұрсұлтан Шоқанов әріптестерін таныстырып.
ҚХП кандидаттары Павлодардағы кәсіпорын еңбек ұжымдарымен кездесті
Қазақстан Халық партиясы білім беру жүйесіндегі олқылықтарды жою, бюрократияны азайту және мұғалімдер еңбегіне лайықты баға беру қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ҚХП-дан Құрылтай депутаттығына үміткер, бұрынғы сенатор Ләззат Сүлеймен Астанадағы кездесуде айтты. Партия төрағасының орынбасары Лейла Күленова ҚХП жекеменшік білім беруге тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан жалғыз саяси күш екенін атап өтті. Үкімет тиісті нормативтік-құқықтық база қалыптастырмай тұрып, бұл салада лицензиялау мен жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізуді ұсынған кезде дәл осы партия мәселе көтеріп, қолдау білдірген.
«Қазақстан Халық партиясының арқасында дайындалуға бірнеше жыл уақыт алғанымыз біз үшін үлкен жеңіс болды. Бұл партия өзінің нақты мүмкіндігін әлдеқашан дәлелдеді. Ол кезде ҚХП парламенттік фракциясында небәрі бес депутат қана болған еді», деді Лейла Күленова
Кездесуде павлодарлық педагог, танымал блогер Игорь Гноевой өз тәжірибесін бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі білім беру жүйесі оқушыларды тәрбиелеу мен қолдаудан гөрі есеп беруге көбірек басымдық береді. Осыған байланысты ол мектептегі қызметін аяқтаған. Өңірлердегі мектеп мұғалімдерінен кең жолақты интернет қолжетімсіз болса да, жасанды интеллекті қолданылған жұмыс жоспары талап етіледі. Ал оқу орындарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің орнына қағазбастылық белең алған. Бюрократтар білім сапасы мен балалардың болашағына бас ауыртпайды.
Қазақстан Халық партиясы Алматыда «Мәңгілік классика» акциясын өткізді
«Мен партия қатарына қабылданғанда өзіммен мақсаты бір, пікірлес жандарды тапқанымды түсіндім. Партияның қолдауымен мен тек блогер әрі мұғалім ретінде ғана емес, нақты шешімдердің қабылдануына ықпал ете алатын азамат ретінде де жұмыс істей аламын», деді Игорь Гноевой.
Кандидаттардың сөзінен кейін кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында Нұрсұлтан Шоқанов білім адам капиталын дамытудың, тұтас қоғамның өркендеуінің басты өлшемі екенін тағы бір мәрте атап өтті.
ОСК Қазақстан Халық партиясының партиялық тізімін тіркеді
«Қазақстан Халық партиясы дәл осы ұстанымды қолдайды. Біз адам капиталына инвестиция салуды, жастардың жан-жақты дамуын және Қазақстанның жарқын болашағын жақтаймыз», деп түйіндеді сөзін партия төрағасы.