Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: ҚХП
Павлодар облысының кәсіподақ өкілдерімен өткен кездесуде Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар мұндай мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын айтты.
ЖСДП-дан айырмашылығы, ҚХП бағдарламасында лайықты еңбекақы төлеу және еңбек адамын қорғау мәселесіне арналған екі жеке бөлім бар. Мұнда нақты бастамалардың тұтас кешені қамтылған.
Саясат кабинеттерде емес, далада: ҚХП Алматы облысының диқандарымен кездесті
Кездесуді ашқан Құрылтай депутаттығына кандидат Евгений Миронов ЖСДП кәсіподақтардың мәнін түсінбейтінін және олардың рөлін тек радикалды белсенділікпен байланыстыратынын атап өтті.
«ЖСДП бізді еңбек адамын қалай қорғауды білмейді деп айыптағанда олардың ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасын ашып оқымағаны бірден түсінікті болды. Біз әдемі ұранмен ғана шектелмейміз. Біз ең төменгі жалақыны нақты күнкөріс деңгейімен байланыстыруды, үстеме жұмысқа ақы төлеуді бақылауды күшейтуді, кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде жұмысшылардың құқығын қорғауды, еңбек инспекцияларының өкілеттігін кеңейтуді, тәуелсіз кәсіподақтар мен ұжымдық шарттарды қолдауды ұсынамыз», деп атап өтті ол.
Кандидаттың айтуынша, ҚХП мен ЖСДП арасындағы түбегейлі айырмашылық кәсіподақтардың рөлін түсінуден көрінеді. Миронов ЖСДП-ның «ұжымдық қысым» деп аталатын тәсілді қолдану жөніндегі ұстанымын сынға алды.
«ЖСДП бағдарламасында: «Кәсіподақтар еңбек құқығын қорғаудың күшті әрі тәуелсіз институтына айналуы, еңбек жағдайына нақты ықпал етуі және заң аясында ұжымдық қысым көрсету тетіктеріне ие болуы керек» деп жазылған. Осы жердегі «қысым» деген сөзге назар аударыңыздар. Кімге қысым жасау керек? Жұмыс беруші мен жұмысшы – бір-біріне жау емес. Біз феодалдар мен басыбайлы шаруалар дәуірінде өмір сүріп жатқан жоқпыз. Экономика мемлекет, бизнес және кәсіподақтар серіктес болған жағдайда дамиды. ЖСДП кәсіподақ қозғалысын құрдымға кетіреді», деді ол.
Евгений Миронов ЖСДП кәсіподақтарды феодалдық дәуірге қайтарғысы келеді деп санайтынын айтып, тарихи мысал келтірді.
«1970 жылдары Ұлыбританияда ауқымды ереуілдер экономиканың тұтас салаларының жұмысын тоқтатты. Алайда зардап шеккен капиталистер емес, қарапайым еңбек адамдары болды. Олар көлікпен жүре алмады, қажетті тауарлар мен қызметтерді ала алмады, үйлерінде электр қуаты үнемі өшіп отырды және басқа да қиындықтарға тап болды. Сондықтан Қазақстан Халық партиясы тек ереуіл жасау үшін ереуіл өткізуге қарсы. Біз жұмысшылардың құқығын қатаң қорғауды қолдаймыз, бірақ тек заң аясындағы әрекетпен», деді Евгений Миронов.
ҚХП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат Степногорск жұмысшыларымен ашық диалог өткізді
Тақырыпты жалғастырған кандидат Дамир Каюмов елдің басты байлығы табиғи ресурстар емес, күн сайын өз еңбегімен ұлттық экономиканың дамуына үлес қосып жүрген адамдар екенін атап өтті.
«Бүгінде жасанды интеллект, цифрландыру және болашақтың технологиялары туралы көп айтылады. Алайда ешбір технология электр станцияларын салатын, көмір өндіретін, металл балқытатын, жабдықтарды жөндейтін, адамдарды емдеп, балаларға білім беретін адамның орнын баса алмайды. Қазақстанның шынайы байлығы – әр жұмыс күнінен кейін үйіне қайтатын еңбек адамы. Сондықтан экономикалық өсімнің мәні де еңбек адамы. Ол лайықты жалақыны, қауіпсіз еңбек жағдайын, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімді сезінуі тиіс», деп атап өтті Дамир Қаюмов.
Кездесу барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігін арттыру, еңбек заңнамасын жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті дамыту және жұмысшылардың заңды мүддесін қорғауда кәсіподақтардың рөлін күшейту мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Сайлауға жеті саяси партиядан 546 кандидат ұсынылды.