ҚХР әскерінің жоғары шенді генералдарының үстінен іс қозғалды

24.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, полковник Цзян Бинь 24 қаңтар күні өткен баспасөз маслихатында ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Чжан Юся мен ҚКП ОК мүшесі, Орталық әскери кеңес Бірлескен штабының бастығы Лю Чжэньлидің тәртіп пен заңды өрескел бұзғаны үшін ҚКП ОК-нің шешімімен тергеуге алынғанын хабарлады.

RFI-дің дерегі бойынша, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин басқаратын Орталық әскери кеңес – Қытайдағы ең жоғары әскери орган. Ол компартияның әскерге абсолютті басшылығын қамтамасыз етуге және ұлттық қорғаныс мәселелерін үйлестіруге жауапты.

Қазіргі күнде Орталық әскери кеңестің төрағасының екі орынбасары бар. Әскери тәжірибесі мен саяси салмағына орай Чжан Юся әскер жүйесіндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі ретінде бағаланады. Ал төрағаның келесі орынбасары Чжан Шэнмин бұл қызметке былтырғы қазан айында ғана тағайындалған.

Агенттіктің мәліметінше, 2012 жылы Си Цзиньпиннің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан басталып, әскер саласы күрестің негізгі салаларының біріне айналды. 2023 жылы науқан әскери басшылықтың жоғарғы эшелонына дейін жетіп, әсіресе Зымыран күштері қатаң тазалауға ұшырады.

2025 жылдың қазан айында, Орталық әскери кеңес төрағасының сол кездегі екінші орынбасары Хэ Вэйдун мен сегіз жоғары шенді генерал сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша Коммунистік партияның қатарынан шығарылған болатын.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Чжан Юся биыл 76 жаста. Ол 18 жасында әскер қатарына шақырылып, 1979 жылы Қытай–Вьетнам соғысына қатысқан. 2012 жылы Қытай Халық-азаттық армиясының Бас жабдықтау басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. 2017 жылы ҚКП-ның XIX съезінде Саяси бюроның мүшесі, Орталық әскери кеңестің төрағасының орынбасары болып сайланды, 2022 жылғы ҚКП-ның XX сьезінде айтылған лауазымдарға қайта сайланды. Оның әкесі – ҚХР-ның іргесін қаласқан генерал Чжан Цзунсюнь.

Лю Чжэньли биыл 62 жаста. Ол 1983 жылы әскерге алынып, 1986 жылы Қытай–Вьетнам шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан және жауынгерлік ерлігі үшін бірінші дәрежелі еңбек жазылған. 2015 жылдың соңында Лю Чжэньли қайта жасақталған Қытай Халықтық-азаттық армиясы Құрлық күштерінің алғашқы штаб бастығы болып тағайындалды. 2021 жылдың маусымында Құрлық күштерінің қолбасшысы қызметіне көтеріліп, енерал-полковник шенін алды.

Осыған дйін Қытайда ақшаны жылыстатуға қарсы күресті күшейтуге арналған құжат қабылданғаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью