Қиғаш пен Шарон тасығаннан кейін Құрманғазы ауданында 12 миллионнан астам шабақ құтқарылды

08.07.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Құрманғазы ауданында бір айға жуық уақыттан бері ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

Шабақтарды құтқару жұмысы маусымның 15-де басталған. Аудандағы балық шаруашылық субьектілері болып табылатын "Каспий-Балық", "Каспий таңы" ӨК, "Амангелді", "Ш. Сүлейменов", "Тілекші" ЖШС-рі, "Е. Сәрсенбаев" ШҚ құтқару бригадаларын құрып, шабақтарды өзенге жіберумен айналысуда. 

Сондай-ақ бұл науқанға Құрманғазы балық инспекциясы, аудан әкімдігі аппараты және округ қызметкерлері, "Жасыл ел" жастар  кеңінен тартылған. 

Олар Сафон, Бірлік, Нұржау, Бөкейхан, Кудряшов, Шортанбай, Орлы, Еңбекші, Теңіз, Дыңғызыл округтеріндегі 51 участок, 3412 гектар жерді қамтуды өз міндеттеріне алған. 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің деректеріне сәйкес, 15 маусым-7 шілде аралығына дейін 12 млн 237 мың дана шабақтарды құтқарып, 6453 куб.м сай қазылып, 11146 кв метр жердің шөбі шабылған. 

Құтқарушылар қызылқанат, көксерке, мөңке, сазан, шортан, қарагөз, табан, жайын шабақтарын тұншығудан сақтап, өзенге жіберді. 

Қиғаш, Шарон өзендері тасып, кері қайтқанда арнасынан бөлініп қалған су көлшіктері мен сайларда шабақтар қалып қойған еді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:35

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью