Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында видео жүктеп, оған ерекше жазба жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші Instagram парақшасына ауладағы жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын жүктеген.
"Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім, балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп. Күздің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты.
"Қозғалыс - өмір, қандай керемет", "Мақпал ханым, күш-қуат берсін", "Денсаулыққа пайдалы", деп оқырмандары түрлі пікір жазды.