Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы – 0,8%, азық-түлік емес тауарлары – 1,2%, ақылы қызметтер 1,1% өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Азық-түлік өнімдерінен қиярдың бағасы – 7,3%, алма – 4,1%, күріш 0,7% төмендеді. Тұздың бағасы – 0,9%, май құрамындағы шпроттар – 0,6%, жасымық 0,2% көтерілді.
Өткен айда азық-түлік емес тауарлар арасында асүй ыдыстары жиынтығы бағасы – 7,1%, электр еттартқыш – 2,8%, жаңа жеңіл автокөліктер – 2,2%, азитромицин 1% арзандады. Баға деңгейі ноутбукке – 4,3%, ыдыс жуатын құралдар мен мотор майы 1%-дан қымбаттады.
Жаттығу залдарының қызметтері – 1,2%, киімдерді химиялық тазалау – 0,7%, шет тілдерін оқыту курстары 0,2% қымбаттады.
Жылдық есептеуде 2026 жылғы қаңтарда инфляция 12,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 12,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 11,7%, ақылы қызметтер 12% өсті.
Жылдық мәнде картоп – 7%, сарымсақ – 4,9%, тәтті бұрыш – 2,6%, курага 1,1% арзандады. Мейіз – 7,7%, ашытқы 4,6% қымбаттады.
2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда суэмульсиялық бояулардың бағасы – 9,2%, әйелдерге арналған сөмке – 6,7%, жуғыш ұнтақ – 6,3%, төсек-орын жабдығының жиынтығы мен кір сабын 5,9%-дан өсті.
Мектептен тыс музыканы оқыту сабақтары – 2,3%, ұялы телефонды жөңдеу 2,2% қымбаттады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.