Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) ірі кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) ірі кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент Әкімшілігінің келісімімен ҚМА төрағасының бұйрығымен келесі басшылар тағайындалғаны хабарланды:
генерал-майор Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Маңғыстау облысы бойынша ЭТД басшысы; полковник Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы – Ақмола облысы бойынша ЭТД басшысы; полковник Есенов Ерік Өмірбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша ЭТД басшысы; полковник Бөкешев Дастан Балтабайұлы – Жетісу облысы бойынша ЭТД басшысы; полковник Құрақбаев Дархан Ғалымтайұлы – Қарағанды облысы бойынша ЭТД басшысы; полковник Әбілқайыров Бақытжан Рахманұлы – Павлодар облысы бойынша ЭТД басшысы; подполковник Төлеутай Нұраби Рашидұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД басшысы; подполковник Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысы.Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл және Түркістан облысының прокуроры тағайындалған болатын. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында да прокурор ауысты.