ҚМГ басшысы Новороссийскдегі Каспий құбыр консорциумының нысандарын аралады

03.06.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2026 жылғы 3 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ еншілес кәсіпорындарының өкілдерімен бірге Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында болды. 

Делегацияны өндірістік нысандарда КҚК бас директоры Николай Горбань және консорциумның басқа да басшылары бастап жүрді.

Делегация теңіз терминалының өндірістік нысандарын, соның ішінде негізгі басқару орталығын, теңіз және жағалау инфрақұрылымын, сондай-ақ резервуарлар паркін аралап көрді. Қатысушыларға теңіз терминалының жұмыс қағидаттары мен жабдықтары таныстырылды. Магистральды құбыр арқылы жеткізілген мұнай алдымен жалпы сыйымдылығы 1 млн тоннаға дейін жететін резервуарлар паркіне түседі. 

Мұнай буларының ауаға таралуын болдырмау үшін резервуарлар екі деңгейлі тығыздағышы бар қалқымалы қақпақтармен жабдықталған. Кейін мұнай алаңаралық құбыр арқылы жағалаудағы нысандарға жеткізіліп, суасты құбырлар арқылы теңіздегі жылжымалы айлақ құрылғыларына айдалады. Сол жерде танкерлерге тиеледі.

Бірлескен отырыста консорциумның өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы жетістіктері атап өтілді. Тараптар күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын уақтылы орындау мәселелерін, сондай-ақ нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы ҚМГ мен КҚК арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Бүгін, 20:34

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью