ҚМГ мен Eni Қашаған, Қарашығанақ және Маңғыстаудағы гибридті электр станциясы жобасын талқылады

02.07.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сурет: energyland.info

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Eni S.p.A. компаниясы Астанадағы кездесуде Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеру мәселелерін талқылап, өндіріс көлемін арттыру, жергілікті қамту үлесін көбейту және отандық кадр санын ұлғайтуға баса назар аударды.

Сонымен қатар тараптар Маңғыстау облысындағы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылыс барысын қарастырды. Жоба аясында Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр станциясы іске қосылып, биылғы қаңтар‑маусымда 38,7 млн кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Толық қуатқа шыққанда жылына шамамен 86 млн кВт·сағ таза энергия береді.

Қуаты 120 МВт газ электр станциясы бойынша құрылыс‑монтаждау және іске қосу‑баптау жұмыстары жалғасуда, жобаның ілгерілеуі 95%-дан асты. Нысан биылғы III тоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 77 МВт жел электр станциясы бойынша ерте құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жобалау‑сметалық құжаттама әзірленуде.

Жаңа нысан ҚМГ‑ның өңірдегі еншілес компанияларын, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазГӨЗ» ЖШС‑ін тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 18:47

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью