​ ҚМГ Құмкөл ЖШС бас директоры тағайындалды​

12.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ҚМГ баспасөз қызметі

Айбол Бижанов «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

А.Бижанов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын «Амри-Майруф» ЖШС-нің заңгері болып бастады. Әр жылдары «Еуро-Азия Эйр» әуекомпаниясының заң кеңесшісі, «Астана LRT» ЖШС бас маманы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Smart Data Ukimet департаментінің директоры, жоба жетекшісі болды.

Бұл тағайындауға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Big Data блогының Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Анықтама:

ҚМГ-Құмкөл IT саласында көптеген қызмет түрлерін ұсынатын компания.

Бүгін, 14:32

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью