Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына үндеу жариялап, балаларды қорғауға бағытталған заң жобасындағы ЛГБТ-пропаганданы шектеуге арналған түзетулерді қолдауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бағила Балтабаева өз үндеуінде ЛГБТ-белсенділерінің ақпараттық шабуылдарына және мемлекеттік институттарға ықпал ету әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Ол ЛГБТ-қозғалысының кейбір өкілдері заң жобасындағы балаларды қорғауға арналған түзетулерді бұрмалап, өздерін жәбірленуші ретінде көрсетіп, қоғамдық пікірді манипуляциялауға тырысып отырғанын атап өтті.
– «Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу – олардың әрекетінің негізгі сипаты», – деді Бағила Балтабаева.
Ол сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары отбасы мен ұрпақ тәрбиесінің негізі екенін айтып:
- Ал «бостандық» ұранымен балалардың санасына ықпал етуге жол ашу – бұл диалог емес, ұлттық құндылықтар жүйесіне көрсетілген қысым,-дейді.
Бағила Балтабаева өз сөзінде Сенат Төрағасын:
1. ЛГБТ-пропаганданы шектеуге бағытталған түзетулерді қолдауға;
2. Манипуляциялық ақпараттық қысымға бой алдырмауға;
3. Қандай жағдай болса да, табанды және тұрақты ұстаным сақтауға шақырды.
– «Қазақстан – әр адам жеке өміріне, қадір-қасиетіне және қауіпсіздігіне құқылы мемлекет. Алайда мемлекет балаларды қорғауға міндетті», – деді ол.