Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды

14.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматының тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қорғаушының айтуынша, Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда болады. Ол 18 наурызда Алматы қаласында тұтқындалған болатын. Сот тергеу барысында оны екі айға қамауға алуға санкция берді.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов белсендіге қатысты тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатқанын айтқан. Оның алғашқысы үлкен көлемдегі алаяқтық іске қатысты.

Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, бұл жағдай қоғам белсендісінің ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңіне байланысты. Ашық деректерге сүйенсек, Санжар Боқаев 2015-2018 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

Екінші айыптау ісі Алматыдағы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге қатысты. Тергеушілердің айтуынша, Боқаев ақшалай сыйақы алу үшін аз қамтылған азаматтарды ағаш кесуге тарта отырып, кейін әлеуметтік желіде бейнежазбаны таратып, қоғамда наразылық тудыруы мүмкін.

Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Айыпталушының әрекетіне байланысты құқықтық бағаны сот береді. 

Соңғы жаңалықтар

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды

Шаруашылық • Бүгін, 08:27

Заңсыз көлік тізгіндеген жасөспірім TikTok-тан анықталған

Оқиға • Кеше

Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?

Әлем • Кеше

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Кеше

Қазақстанда Tesla Cybertruck базасындағы көліктер алғаш рет штабтық қызметтерге қолданылады

Технология • Кеше

Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет

Экология • Кеше

Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан

Қоғам • Кеше

Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Елорда • Кеше

Шахмат үздіктері марапатталды

Шахмат • Кеше

Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды

Президент • Кеше

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады

Инфляция • Кеше

Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?

Қаржы • Кеше

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Экономика • Кеше

Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью