Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы Қазақстанның Халық кеңесін құру жөніндегі бастамасы – елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа кезеңіне сай келетін, уақыт талабынан туындаған өте маңызды әрі салмақты қадам деп санаймын.
Жалпыұлттық диалогқа арналған кең әрі тұрақты платформа құру – қоғамдағы түрлі көзқарасты бір арнаға тоғыстырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтудың тиімді тетігі.
Сурет: assembly.kz Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссияларының табысты жүзеге асқанын атап өту – олардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы өлшеусіз үлесін әділ бағалау.
Бұл институттар өз кезеңінде маңызды рөл атқарып, қоғамдық диалогтің берік негізін қалыптастырды.
Осы сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның Халық кеңесін құру идеясы стратегиялық тұрғыдан өте орынды.
Жаңа орган Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың тәжірибесін біріктіре отырып, этностардың, әлеуметтік топтардың, өңірлердің мүддесін жүйелі түрде білдіретін жоғары консультативтік алаңға айналады деп сенемін.
Кеңес құрамының теңгерімді түрде қалыптастырылуы, өңірлер мен азаматтық қоғам институттарының кеңінен қамтылуы – инклюзивтілік пен әділетті өкілдіктің айқын көрінісі.