Қоғам сұранысынан туған құжат

21.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл құжаттың басты ерекшелігі – құқық үстемдігі қағидатын нығайту, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара жауапкершілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың консти­ту­циялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілдіктерін күшейту. Сонымен қатар мемлекеттік институттардың қызметіндегі ашық­тық, есептілік, тиімділік қағидаттары одан әрі жетілдірілді.

Конституцияның мәні – мемле­кеттің конституциялық құры­лы­сының негіздерін, қоғамдық қаты­нас­тарды құқықтық реттеудің бас­ты қағидаттарын, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың құқықтық тетіктерін айқындауында. Негізгі заң адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіп, олардың сақталуы мен қорғалуына конституциялық кепілдік береді.

Қазақстандағы Конституцияның қолданысқа енуі құқықтық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға, заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл құжат – Қазақстанның демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты дамуы­на бағытталған стратегиялық мақ­сат­тарды іске асырудың берік құқық­тық негізі.

Ендігі кезекте жаңа Конститу­ция­ның қағидаттарын толыққанды жүзеге асыру – мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның әрі әрбір азаматтың ортақ міндеті. Оның талаптарын мүлтіксіз сақтау құқықтық мәдениетті қалыптастыру-дың, қоғам­дық келісімді нығайтудың және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етудің басты кепілі болып қала береді.

Осы орайда «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығында «FinTech» реттеу алаңдары арқылы ағыл­шын құқығының артық­шы­лықтарын пайдалану жаңа конституциялық нормаларды одан әрі іске асыруға үлкен ықпал береді. Жаңа Конституцияда бекі­тілген қағидаттар мен норма­лардың толық­қанды жүзеге асырылуы – құқықтық мемлекетті қалып­тас­тырудың басты шартының бірі. Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету – мем­лекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Бұл үшін алдымен Конституция нормаларына сәйкес қолданыстағы заңна­­маны толықтай жетілдіру қажет. Бар­лық заңдар мен өзге де нор­мативтік құқықтық актілер Консти­туция талаптарына сәйкес­тен­діріліп, құқықтық қайшылықтар жойылуға тиіс.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар­дың қызметінде Консти­туция­ның тікелей қолданылу қағидаты қатаң сақталуы керек. Мемлекеттік шешімдер қабылдау барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстем­дігін қамтамасыз ету мен жа­рия­лылық қағидаттары басшы­лық­қа алынуға тиіс.

Конституциялық бақылау инсти­тут­тарының тиімді қызметі де ерекше маңызға ие. Конституциялық нормалардың сақталуына тұрақты құқықтық бақылау жүргізіліп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері жетілдірілуі қажет.

Конституцияның тиімді жүзеге асырылуы үшін халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру маңызды. Олар өз құқықтары мен міндеттерін білуі, Конституцияның мазмұны мен мәнін түсінуі құқықтық мемлекет қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.

Сондай-ақ мемлекеттік орган­дар­дың ашықтығы мен есептілігін күшейту, қоғамдық бақылау институттарын дамыту мен азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасау Конституцияда көзделген демо­кра­тиялық қағидаттарды іске асырудың маңызды тетіктері болып қала береді.

Осылайша, жаңа Конституция нормаларының толыққанды жүзеге асырылуы заңнаманы жетілдірумен, мемлекеттік органдардың жауапты қызметімен, конституциялық бақылаудың тиімділігімен және қоғамның жоғары құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Бұл шаралар Қазақстанның құқықтық, демократиялық әрі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты дамуына берік негіз қалайды.

Джан ЭКЕН,

Дарем университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы (Ұлыбритания)

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью