Қоғамдық көліктегі кітапхана

24.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кейінгі жылдары Кеншілер астанасының қоғамдық көлігі біршама жаңарды. Соған сәйкес автобустарда «Жол үстіндегі кітапхана» жобасы бар. Терезедегі QR-кодтар арқылы электрондық кітаптарды бүгінде 30 915 жолаушы оқып үлгеріпті.

Суреттерді түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жоба 2023 жылы басталды. Ұтымды жобаның ұйытқылары қоғамдық көлікті тек қатынау құралы ғана емес, рухани әрі зияткерлік ортаға айналдыруды көздеген. Автобустағы жолаушыларға уақыттың тиімділігін ұсынып, кітап оқуға мүмкіндік беру – бастаманың негізгі өзегі.

Автобустардағы электрондық кітап қоры үш негізгі бөлімнен тұрады: қазақ әдебиеті және шетел әде­биеті. Ұйымдастырушылар кітаптарды іріктеу кезінде әртүрлі жастағы әрі әртүрлі кәсіби ортадағы оқырман­дардың талғамын ескеруге ты­рысқан. Сол себепті, электрондық кітап сөресінде классикалық туындылармен қатар, шытырман оқиғалы және танымдық шығармалар да бар. Жалпы алғанда, QR-кодтар арқылы қазақ әдебиетінің 21 шығармасы, шетел авторларының 14 еңбегі, орыс жазушыларының 6 кітабы қолжетімді.

Қазіргі уақытта кітаптардың QR-кодтары Қарағанды қала­сының 13 бағытында қаты­найтын 60 автобусқа енгізілген. Атап айтқанда, №1, 5, 19, 33, 40, 41, 43, 53, 56, 65, 70, 118э және 146э бағыттары. Автобус салонында орналастырылған кодты смартфон арқылы сканерлеген кез келген жолаушы электрондық кітапханаға өтіп, өзіне ұнаған шығарманы тегін оқи алады. Арнайы тіркелу немесе қосымша төлем талап етілмейді, бұл жобаға деген қызығушылықты одан әрі арттыра түскен. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай формат, әсіресе жастарды кітап оқуға ынтандырып, күшейтіп отырған көрінеді.

Еліміздегі Ұлттық кітап­хананың электрондық кітап­ханасы – КазНЭБ деректеріне сәйкес, жоба іске асқан уақыттан бері шығармаларды қарау саны 30 915-ке жеткен. Кейінгі жаңартылған мәліметте жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы ең көп оқылған шығармалардың көш басында тұр. Бұл кітапты 20 916 адам оқыған. Одан кейін Мұхтар Әуе­зовтің «Көксерек» шығармасы 5 343 қаралыммен, Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы 3 591 қаралыммен алға шығып отыр. Бұл көрсеткіштер классикалық қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтың жоғары екенін аң­ғартады. Сөйтіп, қарағандылық жолау­шылар діттеген жеріне рухани сапарлайды.

30 мыңнан астам оқырман, жалпы аталған көрсеткіш жо­баның келешекте де керегін көрсетеді. Сол себепті, жоба жетекшілері «Жол үстіндегі кітап­хананың» санын көбейтуді көздеп отыр.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью