Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Арыс әкімінің ұлы павлодарлық 21 жастағы студенттің екі аяғынан айырылуына себеп болған жол апаты ісі бойынша рақымшылыққа ілікті. Полиция жүргізушінің кінәсін анықтап, дәлелдегенімен, оған қатысты қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Жол апаты биыл мамырда Астана – Павлодар тасжолында болған. Hyundai Tucson таксиінің жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Темір шарбақ көлікті тесіп өтіп, алдыңғы жолаушылар орындығы жағынан салонға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, бірақ ең ауыр жарақатты студент Талғат Емел алды. Апаттан соң ол екі аяғынан айырылды.
Кейін кроссовер тізгінінде Арыс әкімі Қайсар Маңқараевтың 22 жастағы ұлы болғаны белгілі болды. Жігіт ұсталып, үйқамаққа алынды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соғуы" бойынша жүргізілді.
Бап санкциясында 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 8 650 000 теңге), не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарт немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Күдіктінің әкесі тергеу мен сот процесіне ықпал етуі мүмкін деп қорыққан зардап шеккен студенттің туыстары істі тергеуді ерекше бақылауға алуды сұраған еді.
Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Арыс әкімі тергеу барысына немесе процессуалдық шешімдерге ықпал етуге ешқандай әрекет жасамайтынын мәлімдеп, заң бәріне ортақ екенін айтқан болатын.
Жақында зардап шеккен жігіттің туыстары әкімнің ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын білді.
Кінәсі дәлелдендіПавлодар облыстық полиция департаменті студенттің денсаулығына ауыр зиян келтірген жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын растады.
"Барлық қажетті тергеу амалдары кешені жүргізілді, оның нәтижесі бойынша жүргізушінің кінәсі толық дәлелденді. 1 шілдеде "Республиканың жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойылды, оның қолданыс аясына ҚР ҚК 345-бабы (1, 2-бөліктері) кіреді. Осыған байланысты Павлодар облысы ПД анықтау бөлімі заңнамада қарастырылған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарып, прокуратураға жолдады", - деп түсіндірді Павлодар облыстық ПД өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.
Анықтама: Заң жеңіл дәрежедегі қылмыстар, сондай-ақ келтірілген залал жоқ болса, толық өтелсе немесе іс бойынша азаматтық талап қойылмаса, орташа дәрежедегі қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейді. Өндірістегі осы шарттарға сәйкес келетін қылмыстық істер тоқтатылуы тиіс. Бұл ретте іс тергелген ҚК-нің 345-бабының 1 және 2-бөліктері амнистиядан тыс қалатын ерекше жағдайлар тізіміне кірмейді. Атап айтқанда, заң 345-баптың адам өліміне немесе басқа да ауыр салдарға әкеп соққан жол ережесін бұзу туралы 3 және 4-бөліктерін рақымшылық қолданысынан бөлек алып тастайды.
Өңірлік полиция департаменті аталған құжат заңды күшіне енгеннен кейін зардап шегуші сотқа жүгініп, жол апатына кінәлі адамнан материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға құқылы екенін айтты.
Талғат Емелдің туыстары қылмыстық істі тоқтату туралы ресми қаулыны әлі алған жоқ.
"Біз қазір құжатты күтіп отырмыз. Егер іс жабылса, әрине, шағымданамыз. Біздің білуімізше, бауырымды мүгедек еткен жүргізуші жүргізуші куәлігінен де айырылмаған, өйткені ол амнистияға ілігіп отыр. Ал ертең ол тағы біреуді мүгедек етуі мүмкін", - дейді зардап шегушінің әпкесі Гүлсім Абайілдинова.
Қыздың айтуынша, шенеуніктің ұлы Талғаттан не кешірім сұрамаған, не қандай да бір көмек көрсетпеген.
"Жүргізуші кешірім сұраудан бас тартты және ұзақ уақыт бойы кінәсін мойындамады. Тағы бір адвокат келгеннен кейін ғана мойындады. Дәл амнистия қолдану мәселесі шешіліп жатқан кезде. Бұл ретте шілденің басынан бері кінәлі жақтан ешкім бірде-бір рет бауырымның жағдайын сұраған емес: келмеді, хабарласпады, жазбады. Одан ешқандай көмек көргеніміз жоқ. Оның орнына адвокаттары амнистияға қол жеткізіп, үйқамақтан босатуды сұрап, шағымдар мен өтініштер жазды", - дейді зардап шегушінің әпкесі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
23 қыркүйекте Талғат Емел кезекті ота жасату үшін ауруханаға қайта жатқызылды. Дәрігерлер ол күрделі болатынын айтып отыр.
Зардап шеккен Талғат Емел. Фото Instagram/justice_for_talgat/
Айта кетейік, жүргізушінің әкесі, Арыс әкімі ұлына қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты әлі пікір білдірген жоқ.
“Заң бәріне ортақ“: әкім жол-көлік оқиғасына ұшыраған ұлына қатысты пікір білдірді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу