24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жоғары палата депутаттары Президенттің елімізді дамытуға, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған тың бастамаларын толық қолдайды. Оларды ілгерілетуге өз үлесін қосады.
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады. Айтуынша, Ұлттық құрылтайда айтылған барлық бастаманы Президенттің Жарлығымен құрылған арнайы комиссия сараптап, тиісті өзгерістер топтамасын әзірлейды. Кейіннен бұл құжат жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Мұндағы мақсат – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сай жаңа саяси жүйе қалыптастыру. Өз кезегінде, халық қалаулылары аталған межелі міндетті бағындыруға күш салмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Аптаның басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы өтті. Конституциялық және парламенттік реформаға қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, Президентіміз болашақ Парламенттің атауы, құрылымы мен өкілеттігі бойынша пікірін білдірді. Сонымен қатар қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалауды көздейтін ұсыныстарын жариялады. Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі айқындалды деп айтуға толық негіз бар. Сенат депутаттары Мемлекет басшысының елімізді дамытуға және Тәуелсіздігімізді нығайтуға арналған бастамаларын толық қолдай отырып, оларды ілгерулетуге өз үлесін қосады.