Қоғамдық талқылау өтті

17.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қарағандыда «Әділетті әрі прогрессивті Қазақ­стан­ның Халықтық Конс­титуциясы» тақырыбында өткен кездесу мазмұнды пікір алмасу алаңына ай­нал­­ды. Сарапшылар, Конс­­ти­туциялық комис­сия мүшелері, жас­тар ұйым­дарының көш­бас­шы­лары мен қоғам бел­сен­ділері бас қосқан жиында елдегі конституциялық ре­ф­ор­малардың негізгі ба­ғыт­тары талқыланды.

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кездесуге облыс әкімі Ерма­ға­н­бет Бөлекпаев қатысып, Конс­­­ти­туцияны жаңарту жай ғана құқықтық түзету емес, зама­науи технологиялық, жаһан­дық өзге­рістер жағдайында мем­ле­кет­ті­лікті нығайтудың страте­гия­лық қадамы екенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, реформалардың табысты жүзеге асуы жастардың белсенді ұстанымына тікелей байланысты.

Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Кобжанов пен Бекзат Алтынбеков комиссия жұмысының барысына тоқталып, өзгерістерді әзірлеу барысында қоғамдық талқылауға басымдық берілгенін жеткізді.

«Халықтық Конституция» атауы кездейсоқ емес. Негізгі заң­дағы әрбір өзгеріс қоғамның нақты сұранысына жауап беруге тиіс. Осы мақсатта өңірлерде кез­десулер өткізіліп, ұсыныстар жинақ­талып жатыр. Бұл тәсіл саяси шешім­дердің ашықтығын арттырып, билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталып отыр.

Кездесуде сөз алған «Талдау Қарағанды» өңірлік талдау мекте­бінің түлегі Асылжан Төлегенов Конституция деңгейінде экология­лық қағидаттарды бекітудің маңы­зын атап өтті. Индустриялық аймақ үшін қоршаған ортаны қорғау мәсе­лесі өзекті. Экологиялық жауап­кершілікті негізгі заңда нақтылау – ұзақмерзімді даму кепілі.

Ал облыстық Жастар ісі жө­нін­дегі кеңес мүшесі Жанбота Елубаев зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін күшейту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, жастардың ғылыми, технологиялық және креа­тивті бастамалары сенімді құ­қық­тық негізге сүйенуге тиіс. Бұл – инновациялық экономика қалыптастырудың алғышарты.

Жиын барысында қатысу­шы­лар конституциялық реформа­лар­­­дың бағыттары бойынша пікір білді­ріп, өздерін толғандырған сауал­дарға жауап алды. Ашық фор­мат­тағы диалог өңірлік деңгейде сая­си мәдениеттің нығайып келе жатқанын көрсетті.

Қарағандыдағы бұл кездесу реформалардың орталық дең­гейде емес, аймақтарда да кеңінен талқыланып жатқанын айғақ­тайды. Халықтық Консти­туция идеясы құқықтық құжаттан гөрі кең ұғымды білдіреді. Ол – әділет­тілікке, ашықтыққа әрі прог­­реске негізделген жаңа қоғам­дық келісімнің көрінісі. Ел дамуы­ның келесі кезеңі дәл осындай мазмұнды, салмақты қоғамдық диалог арқылы айқындалатыны анық.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05

«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді

Басылым • Бүгін, 08:00

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Жануарлар • Кеше

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Инвестиция • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Ата заң • Кеше

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Ата заң • Кеше

Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Спорт • Кеше

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды

Аймақтар • Кеше

Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды

Дін • Кеше

Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?

Саясат • Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью