Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды

01.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлытау облысында аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылады.

Мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жобаның негізгі мақсаты – жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану, қой басының генетикалық әлеуе­тін жақсартуға негізделген тұрақты әрі бәсе­кеге қабі­летті шаруа­шылық моде­лін құру.

Қазір 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануар­ларын сәйкестендіру жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Жобаны сәтті жүзеге асыру өңірдің аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосып, өндіріс көлемін арттыруға, отандық қой шаруашылығының ішкі-сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін ны­ғайтуға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью