Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақтөбе облысында қой жүнін терең өңдеп, құрылысқа қажетті жылу-оқшаулағыш материалдарын шығаратын «KazFeltec» ЖШС жұмысын бастады.
Бұл – тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың құрылысына табиғи таза өнімнен экологиялық сапалы өнім шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорындардың бірі.
Зауыт жылына 3 мың тоннадан астам өнім шығаруды жоспарлап отыр. Жобаның инвестициялық көлемі 5,3 млрд теңгені құрайды.
Қаражатқа Италияның Прато қаласында орналасқан «Cormatex S.r.L.» зауытынан «Cormatex Airlay» технологиясына негізделген заманауи жабдықтар мен қондырғылар сатып алынды.
Жабдықтарды орналастыру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан зауыттың бір цехы іске қосылып, алғашқы өнімдерін шығара бастады
Қазір жүн қабылдау мен жуу цехында 20 адам еңбек етеді. Өндіріс ошағында қолданылатын Airlay технологиясымен жүн талшықтары жуылып, қоқымна
Содан кейін түрлі қалыпқа салынып, тығыз әрі берік материал ретінде өндіріске шығады.