Қола дәуірінен жеткен қазына

10.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» атты тағылымды көрме ашылды. Ұлттық орталық музей мен Ә.Марғұлан атындағы Археология институты бірлесе ұйымдастырған іс-шара көрерменді қазақ археологиясының қалыптасу шежіресімен таныстырады.

1946 жылы Қаныш Сәтбаев бастамашы болған алғашқы академиялық экспедицияға Әлкей Марғұлан жетекшілік етіп, ұлт тарихының көмескі беттерін ғылыми айналымға енгізді. Сол уақыттан бері Орталық Қазақстан даласы  тарихтың ашық аспан астындағы зертханасына айналды. Экспедиция құрамындағы ғалымдар табанды ізденістің арқасында  әр кезеңнің үнін қайта тірілткен болатын. Қола дәуірінен бастап ерте көшпелілер мәдениетіне дейінгі аралықты қамтыған зерттеулер нәтижесінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті сынды ірі жаңалықтар ашылды. Әбдеш Оразбаев андрон мәдениетінің қоршауларын зерттесе, Мир Қадырбаев ерте темір дәуіріндегі көшпелілер дүниесін зерделеді. Бұл ғылыми ізденістер Қазақстан археологиясының іргетасын бекітіп, тұтас бір мектеп қалыптастырды.

Көрменің өзегін экспедиция барысында табылған бірегей жәдігерлер құрайды. Бүгінде музей қорында Орталық Қазақстан өңірінен табылған 2000-нан астам археологиялық мұра сақталған. Олардың қатарында қыш ыдыстар, қола әшекейлер, ат әбзелдері, қару-жарақтар, сондай-ақ сүйектен жасалған тұрмыстық бұйымдар бар. Мұндағы әрбір заттың жасалу тәсілі мен қолданылу мәні сол дәуірдегі адамдардың ойлау жүйесін, табиғатпен үйлесімін аңғартады.

Қола дәуіріне тән сүйек бұйымдар шеберлік пен тұрмыстық тапқырлықтың үлгісі дерсіз. Адамдар инелерді жоғалтпас үшін сүйектің ішін қуыс етіп, арнайы құты жасап, аузын бекітіп қоятын болған. Ал құс аулауға арналған доғал ұшты жебелер аңшылық мәдениеттен хабар береді.    

«Қола білезіктер мен сырғалардың мүйіз тәрізді үшкірлене жасалуы ежелгі адамдардың аспан әлемімен байланыс туралы түсінігінен хабар береді. Үш бөлімнен тұратын көрме көрерменді уақыт кеңістігіне жетелейді. Қола дәуірі бөліміндегі жәдігерлер тұрмыс пен дүниетанымды танытса, ерте темір дәуірі көшпелілердің әскери өнері мен мәдениетін ашады. Ал ортағасырлық бөлімде Сырлытам, Болған ана, Жошы хан кесенелерінен алынған сәулеттік қаптамалар мен тас мүсіндер арқылы дала өркениетінің биік деңгейі көрініс табады. Көрменің басты құндылығы – өткенді көрсету ғана емес, оны бүгінмен байланыстыру. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жинақтаған мұралар – ұлттық жадының ажырамас бөлігі», дейді Ұлттық орталық музейі Археология бөлімінің жетекшісі Нәбира Төрежанова.

Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор

Сұхбат • Бүгін, 08:07

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Саясат • Бүгін, 08:00

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Саясат • Бүгін, 07:58

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55

Күрделі миссия – лайықты марапат

Марапат • Бүгін, 07:53

Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады

Сенат • Бүгін, 07:50

Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Елорда • Кеше

Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

Қоғам • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялаған азаматтар марапатталды

Марапат • Кеше

Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Ауа райы • Кеше

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью