Қолдау орталығына мониторинг жүргізілді

27.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мониторинг жұмыстарына партия­ның өңірлік филиалы жанындағы кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының өкілдері, партия белсенділері мен мәслихат депутаттары қатысты.

«Жанұя» орталығының негізгі мін­деті – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға кешенді қол­дау көрсету. Мұнда психологтер, заңгер­лер, әлеуметтік қызметкерлер мен жұ­мыс­пен қамту мамандары бірлесіп, қиын жағдайдан шығу жолдарын ұсынады.

Орталыққа түсетін ақпарат түрлі мем­лекеттік мекемелерден жолданады: білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау саласы, полиция, пробация қызметі, жұмыспен қамту бөлімдері және ауыл­дық округ әкімдіктері. Сонымен қатар азаматтардың тікелей өтініштері, ҮЕҰ-дан келетін хабарламалар және мобильді топтардан түсетін сигналдар да қаралады.

Барлық мәліметтер FSM Social ақпараттық жүйесінде тіркеліп, әр отбасы бойынша дербес карта әзірленеді. Бұл көрсетілетін көмекті дұрыс жоспар­лап, отбасының нақты қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам үшін басты міндеттердің бірі – қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау. «Жанұя» орталығының жұмысы осы бағытта өте маңызды. Біз әр отбасының тағдырына бейжай қарамауымыз керек. Партияның басты мақсаты – осындай орталықтардың жұмысын күшейту, азаматтарға қолжетімді және сапалы көмек көрсетуге жағдай жасау. Мони­торинг барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде бақылауға алынып, шешімін табады», – деді облыс­тық мәслихат депутаты Сания Аубакирова.

Партиялық мониторинг нәтижелері бойынша орталық жұмысының тиімді­лігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

«AMANAT» партиясы отбасы инс­титутын қолдауды, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруды әрі қарай да басты назарда ұстайды.

Елнар ЕЛТАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью