Қолы екі жерден сынған : Ақтөбеде 10 сынып оқушысы 5 сыныпта оқитын баланы соққыға жыққан

15.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбеде 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, ота жасалған. Қазір ол қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр,  деп хабарлайды Aikyn.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оқиға 6 қазанда болған. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жанайқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр.

Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан, мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткен, бірақ сапасы нашар.

Телеарна мәліметінше, полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью